Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында 24 жастағы кәсіби боксшы пышақ жарақатынан мерт болды

24 жастағы боксшы Шахтинскіде пышақ жарақатынан қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оралда полиция қызметкері түнгі клубта танысын өлтірмек болды: Оқиғаның мән-жайы анықталды

20 тамызға қараған түні Шахтинск қаласының 24 жастағы тұрғыны жарақат алды. Жігіт Орталық қалалық ауруханаға жатқызылды. Алайда, оны құтқару мүмкін болмады.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі кісі өлтіру фактісін растады. Ведомство бұл факті бойынша тергеу басталғанын атап өтті. Белгілі болғандай, мерт болған жас жігіт бокспен кәсіби түрде айналысқан.

"24 жастағы жас жігіт Шахтинск қаласының орталық ауруханасына пышақ жарақатымен жеткізілді. Өкінішке қарай, ол есіне келмей көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде", – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінде.

STAN.KZ
Бейсенбі, 20 Тамыз, 2020 17:17
Талқылау