AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды маңында алапат өрт шықты

Қарағанды қаласының шетіндегі орман алқабында алапат өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өртті сөндіру үшін астанадан арнайы тікұшақ Қарағандыға жөнелтілді.

Осевая көшесінің маңында тұтанған өрттің салдарынан Қарағанды қаласы қою түтінге оранды. Ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау ​​шаруашылығының аумағында шөптер мен ағаштар өртеніп жатыр. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің, орман шаруашылығының, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 52859 әскери бөлімінің, жергілікті атқарушы органдардың 175 адамы мен 40 бірлік техникасы жұмылдырылған.

"Осевая көшесінің маңындағы орман алқабында шөптер мен ағаштар өртеніп жатыр. Күшті жел салдарынан өрт сөндірушілердің жұмысы қиындап кетті. Жедел штаб құрылды. Жол уақытша жабылды. Тұрғындарды эвакуациялау басталды. Жағдайды бақылауымызда", – деді Қарағанды ​​әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің жалпы аумағы 200 гектарды құрайды. Өртті сөндіру жұмыстары қатты жел салдарынан қиындай түскен. Нұр-Сұлтаннан өртті сөндіру үшін су төгетін құрылғысы бар тікұшақ Қарағандыға жөнелтілді.

Тағы бір өрт қалада "Шығыс-3" шағын ауданы маңында болды. Майқұдық орман алқабында өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 13:22-де түскен. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті мен әскери бөлімнің күштері де жұмыс істеп жатыр. Өртенген аумақ анықталуда.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр