Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды ​​қаласының экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Нұрлан Әубәкіров "Сарыарқа "әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Компанияның экс-басшысы Халел Әкімжанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Нұрлан Әубәкіров еңбек жолын бюджеттік банктің аға ревизоры болып бастаған. Қарағанды облыстық қазынашылық басқармасында, Қарағанды облысы бойынша экономика және кәсіпкерлікті дамыту бас басқармасында, Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде жұмыс істеді.

Қарағанды облысы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының басшысы, Қарағанды қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды. 

2009 жылдан 2010 жылға дейін Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданын басқарды. Содан кейін Қарағанды әкімінің орынбасары болды. 2011 жылдан 2012 жылға дейін Қарағанды қаласының Октябрь ауданының әкімі, 2012 жылдан 2014 жылға дейін Балқаш қаласының әкімі болды. 2014 жылдың маусым айынан 2020 жылдың қыркүйек айына дейін Қарағанды қаласының әкімі қызметін атқарды.

Айта кетейік, "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Қарағанды облысында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласында жұмыс істейді.

Еске салайық, Қарағанды әкімі лауазымында болған кезде Нұрлан Әубәкіров тікелей эфир барысында қымбат сағатын шешкені үшін халықтың сынына қалды.

Осыдан кейін мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Қарағанды қаласының әкімінде қымбат сағаттардың бар-жоғын тексеріп, кейін нәтижелерін жария етті.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 30 Қыркүйек, 2020 09:54
Талқылау