Қарағанды әуежайында түрік азаматы ұсталды
Қарағанды әуежайында Түркия азаматы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
20 тамызда “Әуежай-Қарағанды” кеден бекетінің қызметкерлері ҰҚК ШҚ Қарағанды "шекаралық бақылау бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп," Сары-Арқа" Қарағанды халықаралық әуежайында Түркия Республикасының азаматын ұстады.
Ер адам Анталиядан келіп, шекарадан өткен кезде тауарлардың декларацияланбаған коммерциялық партиясын (технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектер) алып кетпек болған.
"Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК 551-бабының 1-бөлігі “Тауарларды декларацияламау немесе кедендік декларацияламау” бойынша хаттама жасалды. Оған 30 АЕК немесе 103 500 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды. Тауарлар тәркіленіп, уақытша сақтау қоймасына орналастырылды, кедендік декларациялауды жүзеге асыру және тиесілі кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мақсатында тауарлардың кедендік құнын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде", – делінген ақпаратта.