Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды әкімдігі блогерлерді оқытуға 3 миллион теңгеге жуық бюджет қаржысын жұмсаған

Қарағанды әкімдігі блогерлерді тәрбиелеуді қолға алған сияқты. Оған тіпті бюджеттен қаржы бөліп тұрып, тренингтер мен семинарлар өткізеді екен. Келер жылы осы мақсатқа 2 миллион 300 мың теңге қарастырылыпты.

Сондай-ақ, қоғамдық кеңес мүшелері ел мәселесін көтергендері үшін оларға биыл 3 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалыпты. Қарағанды қаласының әкімдігі келер жылы блогерлерді оқытуға 2 миллион 300 мың теңге қарастырыпты, деп хабарайды 31 арна.

Ал биыл оларға 1 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Ал өзін тәуелсіз блогер санайтын азаматтың ойынша, биліктің шекпенінен шыққан блогерлердің ойы ешқашан тәуелсіз болмайды.

"Бұндай тақырыпқа қаржы бөлудің өзі ақымақтық деп білемін. Міні-міні мына адамдарды біз блогер қылып тәрбиелеп шығамыз деген қөзқарасы дұрыс емес. Өздеріне жалдамалы блогер, жалмалы армия дайындалып жатыр деген сөз. Арнайы лот арнау, сол бойынша жастарды блогер қыламыз деп тәрбиелеу бұл дұрыс емес", - деді блогер Айсұлтан Жақып. 

Мемлекеттік сатып алу порталында биыл қоғамдық кеңесті қаржыландыру үшін 2 млн 900 мың теңге игерілген екен. Жемқорлыққа қарсы мониторингтік топ өкілі мұның құқықтық нормаға қайшы әрекет екенін айтып отыр. Өйткені, "Қоғамдық кеңес" жөніндегі заңда қоғамдық ұйымды жергілікті бюджеттен қаржыландыру қарастырылмаған дейді.

"Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысына ақша төлеу деген қоғамдық кеңес құрылған кезде қоғамдық жұмыс болған. Ол жерде ешқандай қаражат, жалақы алу, хатшы, төрағаларға қарастырылмаған. Сонда да оған әкімдіктен қаражат бөлінеді екен", - деді Қарағанды облысы Жемқорлықпен күрес қызметі департаментінің өкілі Бейбіт Жұмабеков. 

Дауға тікелей қатысы бар қалалық ішкі саясат бөлімі блогерлерді бюджет қаржысынан жыл сайын оқытып, оларға қомақты сыйақы берілетінін растады.

"Блогерлікті қолдай отырып 2,3 млн теңгені қаржылау жоспарына қостық. Осы 2 млн 300 мың теңгеге блогерлардың оқу семинары, жастардың блогерлікпен қалай заңды түрде істеуге болады, қандай сайттарды ашуға болады, қандай трендтер бар деген сияқты мәселелерді үйретеді", - деді Қарағанды қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Әкілжанова. 

Халықтың мәселесін көтеріп жүрген қоғам белсенділеріне келер жылы 3 млн 600 мың теңге бөлінбек. Шенеуніктің айтуынша, әкімдікке халықтың сенімі аз болғандықтан, қоғамдық кеңестің жұмысына мұқтаж болғандықтан қаржыландырылмақ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр