Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қар жауып, көктайғақ болады”: Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады 

Синоптиктер 18-20 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ауа райы

Қазгидромет мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. 18 сәуірде шығыста - қалың қар, 18-19 сәуірде оңтүстік-шығыста кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

"18-20 сәуірде солтүстік-батыс антициклонның әсерінен Республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында ауа температурасы 7-15 градус аязға дейін төмендейді. Батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде аяз болып, тәуліктік температура біртіндеп көтеріледі", - делінген хабарламада.

Барлық облыста жел күшейіп, тұман болады. Оңтүстікте шаңды дауыл соғып, найзағай ойнайды, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста көктайғақ болып, қар жауады.

Талқылау