Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қар жауып, қатты аяз болады: Еліміздің кей өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына атмосфералық форнтальды бөліктер әсер етеді, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.

Демалыс күндерін елімізде ауа райы қандай болады

26 қаңтар күні кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі, оңтүстік батыста шаңды дауылмен, солтүстікте - көктайғақ күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Атырау, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында кей жерлерінде жел 15-20 м/с соғады, шаңды дауылмен. Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтобе, Павлодар, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Алматы облысында кей жерлерде 26 градус қатты аяз күтіледі.

Талқылау