Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қар жауып, бұрқасын болады: Қазақстанда алдағы күндерге ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет 24-26 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің солтүстігінде аяз басылады.

Антициклонның ықпалы еліміздің батысында сақталады, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанған. Республиканың қалған бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар жауып, бұрқасын болады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын негізінен қар, тұман және көктайғақ түрінде болады.

Республиканың батысында температура фонында айтарлықтай өзгерістер болмайды. Республиканың солтүстігі мен орталығында ауа температурасы түнде -10 -23°С дейін, шығыста -23 -38°С дейін, оңтүстікте -23 -38°С дейін төмендейді деп болжанып отыр.

Талқылау