AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қар жауып, бұрқасын болады: Cиноптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет жаңа жер аумағынан Қазақстанның солтүстік өңірлеріне ойысып жеткен циклон 2022 жылы 24-26 наурыз аралығында қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашынның түсуіне әкеліп соғатынын болжады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сонымен қатар, Қазақстанның батыс, оңтүстік-батыс аудандарына солтүстік-батыс антициклоны өз ықпалын сақтап отыр, бұл өңірлерде жауын-шашынсыз, ашық күн райы сақталады.

25-26 наурызда Қазақстанның оңтүстік жартысында Оңтүстік Каспий циклоны және онымен байланысты жауын-шашын сипатындағы атмосфералық фронтальды бөліктер өтеді, соған байланысты республикамыздың оңтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республикамыз бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, солтүстікте, шығыста, еліміздің орталығында бұрқасын болады деп болжанады.

Республикамыздың солтүстік жартысында түнгі ауа температурасы -2 ... -15 градус аяз болады, ал оңтүстік жартысында -3...-11 градустан 0...+8 градусқа дейін сынап бағаны көтеріледі, күндіз республикамыздың солтүстігінде 0...-9 градус аяз болады, ал оңтүстікте +7...+17 градус жылы болады деп күтіледі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр