Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қар жауады: Синоптиктер алдағы күндердің ауа-райы болжамын жариялады

Қазақстанның солтүстік-шығыс бағытына қарай белсенді атмосфералық ағымдар мен Каспий циклоны жылжып келеді.

“Қазгидромет” мәліметінше, сейсенбіде Қазақстанның орталығы мен оңтүстік облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Сондай-ақ, республиканың орталық және шығыс облыстарында жауын-шашын түседі. Елдің солтүстігі мен батысы Сібір антициклонының ықпалында болады. Бұл өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, қар түседі.

Сонымен қатар, ауа температурасы төмендейді. Бірнеше өңірде ескерту жарияланған. 24-ші сәуірде тәулік бойы Қостанай облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман күтіледі. 24-25 сәуірде Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, 24 сәуір күндіз, 25 сәуірде түнде екпіні 23-28 м/с болады, 25 сәуірде түнде таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады.

Тараз қаласында 24-25 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, 24 сәуір күні күндіз, 25 сәуірде түнде кей уақытта 23-28 м/с-ға жетеді деп күтіледі. 24 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде нөсер жауын жауады, сондай-ақ 24-25 сәуірде солтүстік, солтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23 м/с жылдамдықпен жел соғады, найзағай ойнап, тұман түседі деп күтіледі.

Тағы оқыңыз: 

Алматы облысының тұрғындары Көлсайдағы тау көшкінін видеоға түсіріп алды

Қарағанды облысында екі жетім баланы кімнің азаптағанын тексеріп жатыр

Қазақстандағы құс еттерінен шошқа ДНҚ-сы табылды

Талқылау