AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қар суы Ақтөбе-Астрахань тасжолын шайын кетті (видео)

Ақтөбе облысында қар суы Ақтөбе-Астрахань тасжолының бір бөлігін шайып кетті. Қазір мұнда көлік қозғалысына тыйым салынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

су

"3 сәуірде 17:30-да қар суы еріп, республикалық мәні бар А-27 Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы (Астрахань) тасжолының 79-шақырымында, Табантал көпірі аумағында жолды су шайып кетті", – делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында. 

Анықталғандай, тұрғызылып жатқан көпірдің тіреулері зақымдалмаған. 

Нәтижесінде Алға қаласынан Қандыағаш қаласына дейін, 46 және 90-шақырым аралығы автокөліктердің барлық түрі үшін жабылды. 

"Қар суының ағысы қатты болғандықтан инертті материалдар және құм салынған қапшықтар тиімсіз болып отыр. Қазір мердігер ұйымдар қар суына арналған қосымша арық қазып жатыр", –  деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. 

Аталған жол аймағы қалпына келтірілген соң ғана көлік қозғалысына рұқсат беріледі. Жағдай "ҚазАвтоЖол" Ақтөбе филиалының бақылауына алынған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр