Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қар аралас жаңбыр жауады": Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады

Қазгидромет 12-14 қазанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің пайымдауынша, алдағы күндері ауа райы күрт өзгереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pexels-тен алынған

Мамандар алдағы күндері ауа-райының тұрақсыз сипаты Қазақстанның басым бөлігінде сақталатынын жеткізді. Жауын-шашынды болып, қар аралас жаңбыр күтіледі.

12 қазанда батыста, солтүстік-батыста, 13 қазанда орталықта, оңтүстікте, 14 қазанда шығыста, 13-14 қазанда еліміздің оңтүстік-шығысында-қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша көктайғақ, екпінді жел күтіледі. Түнде және таңертең тұман болжанады. 

Ауа температурасы шығыста түнде 3-11 градусты аяз болжанған. Күндіз 10-22 градустан 4-15 градусқа жылынады. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 10-18 градус, таулы аудандарда 2-7 градустан 0-10 градусқа дейін ауа температурасы өзгереді. Таулы аудандарда аяз күтіледі.

Талқылау