"Қар аралас жаңбыр, көктайғақ күтіледі": "Қазгидромет" алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктер Қазақстан бойынша 19-21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері ел аймақтарында температураның жоғарылауы күтілуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет pexels-тен
Қазгидромет мәліметінше, аязды ауа райы кезеңі аяқталды. Қазақстан аумағына Солтүстік Атлантикалық ауа массалары енеді. Салдарынан еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде.
Дегенмен кейін ауа райы нашарлап, 21 желтоқсанда Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында қар жауып, соңы жауынға ұласады.
Салдарынан көктайғақ орын алады. Ауа температурасы күндіз 3, –8 °C аяздан 2,– 3 °C-қа дейін біртіндеп көтеріледі.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”