Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қапшағайда қапшықтан табылған нәресте қайтыс болды

Қапшағайдан табылған нәресте қайтыс болды. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін бір тәулік бойы күрескен. Бұл туралы Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ақниет Балтанова хабарлады.

ребенок_2

Сурет gorodkirov.ru

Жаңа туған сәби ауыр жағдайда салмағы 1,4 келі болған.

“Нәресте ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Біздің дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, өкінішке орай құтқара алмады. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оның анасын іздеп жатыр”, – деп хабарлады Ақниет Балтанова.

Аймақтық ІІД қыздың өлімі бойынша қозғалған қылмыстық іс ауыстырылатын болады.

“Қазір прокуратураның бекітуін күтіп отырмыз және бұл істі ҚР ҚК 100 бабына ауыстырамыз. Бірақ, әлі прокуратура шешім шығармады. Сәби өте ауыр жағдайда келді. Ол жеті айында шала туған. Далада қанша уақыт жатып қалғаны да белгісіз”, – деп хабарлады полиция.

Қазіргі таңда Алматы облыстық ішкі істер департаменті қыздың анасының тұлғасын анықтау үстінде.

“Қазір анасын анықтау үшін жедел-іздеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қазір есепте тұрған, босану уақыты жақындаған жүкті әйелдердің кезектері түгел тексеріліп жатыр”, – деді департамент.

Жаңа туған сәбиді 3 шілде күні “Строитель” саяжай кооперативі маңынан тауып алған болатын. Көшеде ойнап жүрген балалар жылаған сәбидің дауысын естіген. Ішке кірген олар қапшықта жатқан қызды тауып алады.

Талқылау