Қапшағай су қоймасында демалушыны қайықпен қағып өлтірген ер адам сотталды

Қонаев қаласының соты Қапшағай су қоймасында қаза тапқан 23 жастағы азаматтың өліміне қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, 2025 жылы 2 шілдеде күдікті катер басқарып, оны жалға беру қызметін көрсету кезінде су көлігін пайдалану ережелерін бұзған. Ол қайықты қараңғыда басқарып, су көлігіне рұқсат етілген жолаушылар санынан көп адам мінгізіп алған. Осылайша ол су айдынына шығып, шомылып жүрген 23 жастағы азаматты соққан. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Қапшағайда әйел депутаттың көз алдында суға кетті: Жағажайда құтқарушылар мен дәрігерлер болмаған
Қапшағай жанындағы туристік базада 11 жасар бала тоққа түсіп көз жұмды
Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 3 жылға бас бостандығынан айыру және су көліктерін пайдалануға 3 жыл тыйым салуды сұраған. Сот шешімі бойынша айыпталушы 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 2 жыл су көліктерімен қызмет көрсетуге тыйым салынды. Ол сот залында қамауға алынды. Үкім заңды күшіне енді.
Айта кетейік, бұған дейін Алакөлде 63 жастағы әйелді қайық басып кетіп, оқиға орнында көз жұмғаны туралы жазған едік.
Супермаркеттер желісі қазақстандық өндірістің макарон өнімдерін сөрелеріне қоюдан бас тартты