Қапшағай су бөгені көктемде суға толып, қирауы мүмкін - Министр
Түркістан облысындағы Қапшағай су бөгені көктемде лезде толып, қирауы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: Ernur.kz
"Гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі ерекше алаңдаушылық тудырады. Мұнда су қоймаларында бос көлем құру мәселелеріне назар аудару қажет. Онсыз өзендердің қауіпсіз деңгейін реттеу мүмкін емес. Біздің дерегіміз бойынша барлығы 1 806 ғимарат бар. 471-і жөндеуді қажет етеді. Олардың ең көбі Қарағанды облысында - 160, Шығыс Қазақстан облысында - 93, Ақтөбе облысында – 56 және Алматы облысында – 41. Сонымен қатар, Экология министрлігінің тірек гидротехникалық құрылыстар санының үнемі өзгеруі алаңдаушылық туғызады. Бұл ретте бізге мемлекеттік органдар мен жекеменшік иелерінің оларды жөндеу бойынша жұмысының нәтижелері ұсынылмайды", - деді Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.
2022 жылдың басында гидротехникалық құрылысқа жататын 1823 ғимарат болған.
“Экология министрлігі 2021 жылы Түркістан облысындағы бүлінген Қапшағай су бөгенін реконструкциялауды аяқтамаған. Ол көктемгі кезеңде лезде толып, қирауы мүмкін. Аталған қауіпті аймақта 15 мыңнан астам адам тұратын 7 елді мекен орналасқан”, - деп атап өтті Юрий Ильин Үкімет отырысында.
Оның сөзінше, Павлодар облысындағы Қ.Сәтбаев атындағы каналдағы №87 бөгетті жөндеу мәселесі шешуді талап етеді. Оның бұзылуы екі елді мекенде 460 үйді су басуға және Астана мен Қарағандыны сумен жабдықтаудың үзілуіне әкеп соғуы мүмкін.
"Бұл ретте, Экология және табиғи ресурстар министрлігі тек республикалық құрылыстарды жөндеу жұмыстарын ескереді. Коммуналдық және жеке құрылыстар көптеген жылдар бойы назардан тыс қалады. Бұған коммуналдық және жиі гидротехникалық құрылыстарды жөндеу және жаңғырту жөніндегі іс-шаралар Су саласын дамытудың кешенді жоспарының жобасы дәлел бола алады", - деді министр.

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
