Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қантқа талас, су тапшылығы". Агрофорумда не айтылды?

Қазіргі таңда қант тапшылығы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бағасы шарықтап, қантқа таластың видеолары Интернетте жиі тарайтын болған. Сонымен, расында да ондай тапшылық бар ма? Бар болса проблеманың шешімі қандай? Бұл туралы бүгінгі материалымыздан оқи аласыздар.

Мамандардың айтуынша, елімізде жылына 200 мың тонна қант өндіріледі, ал тұтыным – 500 мың тонна. Бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы – қант қызылшасын өсіруді мықтап қолға алу.

«Жақында ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен қант қызылшасын өсіретін фермерлер және қант қызылшасын өңдейтін зауыт өкілдерімен кездесулер өтті. Біздегі қазіргі қор – 30 мың тонна. Қант экспортына тыйым салынған, ал баға әр келісіне 460-800 теңгенің айналасында болып тұр. Осыған орай, министрлік және жергілікті атқарушы билік органдарының шаруалармен кездесуінің қорытындысында, келесі жылдары қант қызылшасының елімізде кең көлемде өсіруіліне ауқымды іс-шаралар жасалынатыны келісілді. Сонымен қатар, осы шаралардың арқасында, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін қант қызылшасына деген шаруашылықтардың қызығушылығы артады деген ниеттеміз », - дейді КВС компаниясының Орталық Азиядағы өкілі, агро саласының ғалымы Бекзат Төрегелдиев.

Бұл мәселе «KMF-Демеу» Қоры мен KMF микроқаржы ұйымы өзінің 25 жылдығына орай Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауылында ұйымдастырған тұңғыш агрофорумда айтылды.

Форумға 60-қа жуық кәсіпкер, агро саласының өндіруші компаниялары мен сарапшы мамандар қатысты. Кәсіпкерлердің басым бөлігі егіншілікпен, мал шаруашылығымен және ауыл шаруашылық өнімдерін шығарумен айналысатындар.

«Дәл қазіргі мезгілде «Құрғақшылық кезінде бизнесті басқару» тақырыбының өзекті екені сөзсіз. Сондықтан мамандардың кеңестері кәсіпкерлер үшін аса қажетті және пайдалы болады деп сенеміз. Жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға KMF те мүдделі, кәсіптеріңіз KMF-пен бірге көркейе берсін!», - деді KMF МҚҰ Сату және аймақтық желіні дамыту департаментінің директоры Арман Абылайхан.

Айта кетейік, форум барысында аграрлық нарық саласының проблемалары, технологиямен жабдықтау, қант қызылшасын өсірудің әдістері мен технологиясы, тамшылатып суару жүйесінің қыр-сыры айтылды. Сонымен қатар, тыңайтқыштар мен тұқымдар, ауыл шаруашылығына қажетті шетелдік технологиялық жабдықтар, құрал-саймандар мен материалдар сататын компаниялар кәсіпкерлерге кеңес беріп, заманауи технологиялармен таныстырды. Бизнес саласының сарапшы мамандары әлемдік практиканы мысалға келтіріп, құнды кеңестерімен бөлісті.

Форумға қатысқан кәсіпкерлердің айтуынша, мұндай шара олардың кәсібі үшін аса маңызды. Себебі бизнес үшін тәжірибе алмасу, заманауи жабдықтармен танысу таптырмас көмек. «Интернеттен көрген бір бөлек, алдыңа әкеліп көрсетіп, түсіндіріп беру бір бөлек», десті олар.

«Кәсіп болған соң бір орында отыра беруге болмайды, даму керек, ал даму үшін осындай форумдар қажет. Мысалы бүгін тамшылап суару туралы көптеген мағлұмат берілді, біз үшін аса құнды ақпарат. Себебі жаңа технологияны пайдалана білу керек, ал біз әр жаңалықты жоғарыдан естиміз, ауылда отырып басқа қайдан естиік?! Осылай келіп, көрсетіп, түсіндіріп беруге ештеңе жетпейді, сол үшін де алғысым шексіз. KMF-пен жұмыс істеп келе жатқаныма 4 жылдан асты, 5 млн, 18 млн, 20 млн теңгелеп ірі сомада жиі аламын, осының өзі көп көмек және сол көмектің арқасында ғана біз алға жылжып барамыз, барлығы KMF-тің арқасы», - деді «Еркін» шаруа қожалығының иесі Еркін Әбілқайыров.

Форумды ұйымдастыруға атсалысқан Жаңақорған аудандық әкімдігіне алғыс білдірген ұйымдастырушылар компания үшін клиенттің жетістігі ең бірінші орында екенін айта кетті.

«KMF қашанда клиенттерімен бірге. Олай дейтініміз, пандемия басталып, шағын және орта бизнес өкілдері кәсіптерін жүргізе алмай, шектеулер енгізілген сәтте тегін курстар өткізіп, мамандар тығырықтан шығудың жолдарын көрсетті. Осылайша қаншама бизнес аман қалып, дами түсті. Өткен жылы болған құрғақшылық кезінде де компаниямыз өз клиенттеріне қол ұшын  созып, жеңілдіктер ұсынды. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші, осындай серіктестіктің арқасында тек кәсіпкер емес, барша шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, түптеп келгенде Қазақстан экономикасы дамиды», - деді KMF МҚҰ-ның аймақтық директоры Әділбек Қайырбаев.

Айта кетейік, KMF – Орталық Азия мен Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы. Нарыққа осыдан 25 жыл бұрын келген компания шағын және орта бизнеске, ауыл шаруашылығына, жеке мақсаттар үшін және автокөлік сатып алуға микрокредит өнімдерін ұсынады, толығырақ kmf.kz сайтынан немесе ұялы телефоннан тегін қоңырау шалуға болатын 7474 байланыс орталығынан білуге болады.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы

Талқылау