AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтардағы қақтығыс кезінде бүлікшілер Қызылорда облысы әкімін қолға түсіруге әрекет жасады – полиция

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы бейбіт митингіге келген адамдармен келіссөздер жүргізу кезінде бұзақы топ қолға түсірмек болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Бұл туралы Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Aray City Mall сауда үйінің алдына жиналған шерушілермен кездесуге Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова келді. Алайда келіссөздер нәтиже бермеді. Жиналғандар ештеңе тыңдағысы келмеді, әдепсіз сөздер айтты, түрлі әрекет жасады. Облыс әкімі көлікке мінген кезде оны бұзақы топ ұстамақ болып әрекет жасады. Гүлшара Әбдіқалықова Полиция департаментінің арнайы бөлімшелерінің күшімен құтқарылды", - делінген хабарламада. 

5-6 қаңтарда Қызылорда облысында болған тәртіпсіздіктер кезінде басқыншылар 17 мемлекеттік мекеме мен 21 жеке сектор субъектілеріне шабуыл жасаған. Бұл ретте олар 65 көлікті өртеп, 80 көлікті бүлдіріп, екеуін ұрлап кеткен.

"Қақтығыс кезінде 58 полиция қызметкері мен 52 сарбаз түрлі дәрежеде жарақат алды. Облыстық медициналық орталықтың мәйітханасынан 6 бүлікшінің мәйіті ұрланды", – деді полицейлер.

Қазіргі таңда облыста қоғамдық-саяси жағдай тұрақты, облыстық полиция қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр