Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтарда оққа ұшқан отбасының өлімі: Прокурор әскери қызметкерді 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Талдықорғанда прокурор 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Сейітқұловтар отбасын атып өлтірді деп айыпталған әскериді 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Етаевтар

Прокурор әскери қызметкер Данияр Егінбаевты әкесі мен қызын атып өлтіргені үшін ҚР ҚК-нің 451-бабының 2-бөлігі (Билікті асыра пайдалану) бойынша кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Соттың үкімі 26 маусымға дейін шығуы тиіс дейді құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина.

Айта кетейік, осы жылдың 20 қаңтарында өткен сотта тек Нұрболат Сейітқұлов пен қызы Нұрай Оразыханға қатысты іс қаралған. 50 жастағы Алтынай Етаеваға оқ атылғаны әлі дәлелденбеген. Оған қатысты тергеу жалғасып жатыр.



8 қаңтарда Нұрболат Сейітқұлов пен Алтынай Етаева және олардың 15 жастағы қыздары Нұрай Оразыхан Талдықорған қаласында кешкі тоғыздар шамасында жеке көліктерімен кетіп бара жатқанда арнайы жасақтың оғынан қайтыс болған.

Қайғылы оқиға болған күні Нұрболат Сейітқұлов, Алтынай Етаева және олардың қызы Нұрай қонақтан келе жатқан. Бұл кезде қала аумағында коменданттық сағат енгізілген еді.

Ерлі-зайыптылардың жасы 51-де болған. Әйелі – үй шаруасындағы әйел, күйеуі Нұрболат зауытта жұмыс істеген, ал қыздары мектепте оқыған.

Талқылау