Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы: Жаппай тәртіпсіздіктен кейін 2750 қылмыстық іс қозғалған

Қазақстанда қаңтар айында болған жаппай тәртіпсіздіктен кейін 2750 қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ақпаратты бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтып берді.

"Бас прокуратура қаңтар оқиғасында орын алған қылмыстардың тергелуін, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңдылықтың сақталуын қадағалауды жалғастырып жатыр. Бүгінде 2 750 қылмыстық іс тергеуде. 802 күдікті сот санкциясымен қамауға алынды, ал 91 тұлғаға басқа бұлтартпау шаралары қолданылды. Қамауға алынғандардың 113-і бұрын сотты болған (кісі өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық үшін) және радикалды діни ағымдардың жақтаушылары", - деді Қилымжанов

Елдос Қилымжанов күдіктілерді қамауға алу кезінде олардың әр қайсысының жаспған іс әрекеті, жеке басы тураля ақпарат, кінәсін мойындап, мойындамауы және тергеуге көмек көрсетуі ескерілетінін айтты.

Дана Русланқызы
Жұма, 04 Ақпан, 2022 20:02
Талқылау