Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы кезінде жазатайым қаза тапқан азаматтардың туыстарына 97 миллион теңге берілді

"Қазақстан халқына" қоры қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 13 азамтатың отбасы мүшелеріне ақшалай төлем жіберді. Азаматтардың жазатайым құрбан екенін құзырлы органдар растаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қаңтар оқиғасы

Сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде ауыр жарақат алған 2 баланың ата-анасына ақшалай төлемдер жіберілді. Бір бала оқ жауған көлікте отбасымен бірге, ал екінші бала оқ атылған көлікте әкесімен бірге болған. 

Төлемдер зардап шеккен балалар туралы мәліметтер түскеннен кейін жүргізілді. Бұл санаттағы жәбірленушілерге жолданған жалпы төлем сомасы 97 млн теңгені құрады. 

Қаза тапқандардың отбасыларына 7 миллион теңгеден, ауыр жарақат алған балалардың туыстарына 3 миллион теңгеден төленді.

Талқылау