AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы: Алматы әуежайын тонаған екі әйел ұсталды

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын тонады деген күдікпен апалы-сіңлілі екі әйел ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

Олар әуежайдағы дүкендерден 130-ға жуық парфюмерлік және косметикалық өнім, сондай-ақ  90-нан астам дәрі-дәрмек пен қымбат алкогольдік ішімдікті қолды қылған.

Көліктегі полиция департаменті олардың қасында тағы бір ер адамның болғанын хабарлады. Күдіктілердің дүкен ішінде емін-еркін жүргені  бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

“Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. 40 жастағы ер адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. 34 жастағы және 26 жастағы екі әйел  балаларының болуына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды”, – дейді көліктегі полиция департаменті жедел тергеу тобының тергеушісі Данияр Сатыбаев.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр