Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

13 ақпандағы митингті ұйымдастырушылар неге жазаланды?

13 ақпанда қаңтардағы оқиғалардың құрбандарын еске алу акциясын ұйымдастырғандар не себепті жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

митинг еске алу 33

Қала әкімдігінің хабарлауынша, қаңтарда болған қайғылы оқиғалардан кейін де Алматыда  әкімдерді сайлау, таза ауа үшін, саяси партияларды тіркеу үшін бағдарларында 4 ірі митинг өткен.

“Бұл акциялардың барлығы Бейбіт жиналыстар туралы Заңға сәйкес өткізілуімен ерекшеленеді, яғни белсенділер әкімдікке өз ниеттері туралы хабарлап, қала орталығына ғана жиналып қойған жоқ, сонымен қатар құқық қорғау органдары митингке жиналған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, арандатушылыққа жол бермеді. 

Заңда процедуралардың белгілі бір саны қамтылған, бұл елімізде бейбіт жиналыстар мәдениетінің  бірте-бірте  қалыптасуы  үшін қажет. Жаңа митингілер, пикеттер, шерулер мен демонстрациялар санына қарайтын болсақ, байқағанымыздай, жаңа заң аясы белсенділер үшін елеулі бір шектеулер туғызбайды, сонымен қатар мемлекетке де көшелерде  арандатушылық  мен тәртіпсіздіктердің алдын алу мүмкіндіктерін береді”, – делінген ресми хабарламада.

Бұған қоса 13 ақпанда Қазақстандағы қаңтар оқиғаларының құрбандарына арналған митингті ұйымдастырушылар не себепті жазаланғаны да айтылды. 

“Қаңтар оқиғаларының құрбандарына арналған митингті ұйымдастырушылар лар мемлекет ұсынған ережелерді пайдаланбауды жөн көрді. Олар “заң құқықтарымызды бұзады” деп есептей отырып, тіпті әкімдікпен келісуге де тырыспады”, – делінген хабарламада. 

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Болат Әбілов пен Марат Тұрымбетов құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оларға  50 АЕК (153 150 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Айгерім Тілеужанова 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 

“Оларға бұл санкциялар әкімдіктің қалауымен қолданылған жоқ, олардың істері сотта шешілді, сот  барысында заң бұзушылықтың барлық аспектілері қаралды. Жаза құқық бұзушының қоғамдағы жағдайына қарамастан  қолданылды, өйткені  заң алдында танымал кәсіпкер  болсын, оппозициялық саясаткер  болсын, бәрі бірдей жауапты”, –делінген ресми хабарламада.

Айта кетсек, елімізде бейбіт жиналыстар туралы заңның жаңа нұсқасы қабылданғаннан кейін саяси акциялардың саны едәуір арта түскен. Мәселен, 2018 – 2019 жылдары рұқсат етілген 5 және 30 бейбіт жиналыс болса, 2020 жылдың маусымынан 2021 жылдың маусымына дейін, яғни жаңа заң күшіне енген кезде 552 келісілген бейбіт жиналыс өткен. Осы 552 бейбіт жиынның 493-і Алматы қаласында өткізілді, оның ішінде – 44 митинг, 446 пикет, 2 шеру және 1 демонстрация ұйымдастырылды.

Талқылау