Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қансырап жатқанда пәтерде қалдырып, қашып кеткен": Жалғыз ұлы кісі қолынан өлген атбасарлық ана әділдік іздеп жүр

Жалғыз ұлы көз жұмған атбасарлық Алтынай Шотманова ұлын пышақтап өлтірген қылмыскердің енді 7 айдан кейін бостандыққа шығатынына наразы. Өйткені Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты осы іске айыптыны небәрі бір жарым жылға бас бостандығынан айырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме беріп.

Сотқа дейін абақтыда отырған күндерін есепке алғанда 34 жастағы қылмыскер көп ұзамай түрмеден босап шығады, дейді марқұмның туысқандары. Олар сот әділетсіз шешім шығарды деп отыр. Қанды оқиға биыл маусым айында  Қосшы кентінде болған. Олар сонда бір пәтерді жалдап тұрыпты.

Кешқұрым Ардақ Сыздықбаев достарымен кездесуден кейін араққа сылқия тойып келіп, үйде отырған Саматпен шекісіп қалған. Ардақтың айтуынша, ол өзіне бас салған жігіттен қорғанбақ болып қолына пышақ алған. Бірақ қалайша үш рет жаралағаны есінде жоқ. Ардақ Сыздықбаев қансырап жатқан жігітті пәтерде қалдырып қашып кеткен. Тәртіп сақшылары оған іздеу жариялады. Тек екі күн өткен соң, ол полицияға өзі барады. Ал полиция «қасақана кісі өлтіру» бабымен істі тергеп, сотқа жіберген. Бірақ соңына дейін осы баппен қаралған іс үкім шығар күні «өзін өзі қорғау шарасын асыра қолдану» болып өзгеріп кетіпті. Сөйтіп айыпталушы бір жарым жылға сотталған.


"Өлтірсеңдер де еш кінәм жоқ": Көкшетауда ерлі-зайыпты қарияларды өлтірген күдікті сотта қиғылық салды 


"Әрине әділетсіз! Бұл не сұмдық! Есімізді жинай алмай қалдық. Бізді алдап соқты! Сәния Исабекова, марқұмның әпкесі: "Оларда ешқандай дәлел болған жоқ. Судья не адвокатты, не бізді сөйлетпей, аузымызды жауып отырды. Прокурор 10 жыл сұраған. Бірнеше рет пышақтап өлтіріп, бір жарым жыл алғаны сұмдық қой. Қорғанған дейді. Ал оның денесінде бір тыртық та жоқ. «Қалталы ағайыны шығарып аламыз депті» дегенді естігенбіз. Сол рас болып тұр ғой", - дейді анасы.

Марқұмның анасының айтуынша, ет саудасымен айналысқан Сыздықбаев пышақты өте епті қолданады. Және де төбелесіп жүріп емес, аңдаусыз тұрған балама арқасынан келіп пышақ сұққаны сараптамада көрсетілген", - дейді ол.

"Сотқа дейінгі тергеу кезінде тергеуші бір жақты қараған, яғни айыптау жағы басым болған. Айыпталушы марқұмды сырт айнала беруін күтіп тұрып, пышақ сұқты дегені дәлелденбеді. Пәтерде екеуі ғана болған. Сараптама бойынша, Сыздықбаевты қысып ұстап тұрған кезде оның жоғары жақтан пышақ салғаны анықталды. Шотмановтың оған бұған дейін де қыр көрсеткенін куәгерлер айтып берді. Судьяның куәгерлер деп тұрғаны – қылмыскердің достары. Ал оқиға болғанда үйде екеуі ғана болыпты", - дейді Арлан Қосжанов, Ақмола облыстық сотының судьясы.

Марқұмның туыстары сот әділетсіз өтіп, қылмыскер толық жазасын алмайынша, тоқтамаймыз деп отыр.

Талқылау