Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер қан қоюлануының себебін және оның алдын алу үшін қандай өнімдерден бас тарту керегін айтты

Диетолог Михаил Гинзбург газдалған сусындар мен бұршақ тұқымдас өнімдер қанның қоюлануына алып келетінін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі aif.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Диетолог қанның ұюына алып келетін және тамыр тромбозын тудыратын сусындар мен өнімдердің тізімін айтты. 

Адам ағзасындағы қанның ұюы тамырлар зақымданғанда қан кетудің алдын алады. Алайда қан қатты қоюланған жағдайда тамыр тромбозына әкеліп соғады. Сол себепті тамырлар бітеліп қалмас үшін дәрігер тұздық пен тәтті газдалған сусындардан және ішімдіктен бас тартуға кеңес береді. 

“Тәттінің мөлшерден тыс тұтыну ағзаға зиян екені белгілі. Сондай-ақ оның қанның қоюлануына әкелетінін де біле жүрген дұрыс. Өйткені қант ағзадағы глюкоза деңгейін жоғырылатып, липидті қосылыстарды көбейтеді. Ондай жағдайда қан қоюланып, тамырда тромбоз пайда болады”, – дейді диетолог маман.

Аурудың алдын аламын десеңіз, бұршақ тұқымдас өнімдерден және бірқатар сұйық тағамдардан бас тартқаныңыз жөн. Мысалы, үрмебұршақ құрамында қанды ұйытатын өсімдік ақуызы бар. Одан бөлек малдың бауыры, бүйрегі пен жүрегін жиі жеу – тамыр тромбозының пайда болуына ықпал етеді.

Қанды сұйылтуға көмектесетін өнімдер

Ішімдік, ысталған ет пен газдалған сусындарды майлы балық, зығыр майы, ақ қырыққабат, брокколи және құлпынай, жүзім, ананас сынды жеміс-жидектермен алмастырған дұрыс. Сондай-ақ зімбір сусыны мен кез келген жаңғақтың түрі қанды сұйылтуға көмектеседі.

Талқылау