Қаңғыбас ит тастанды нәрестені құтқаруға көмектесті
Филиппиндегі Сибонг муниципалитетіндегі қаңғыбас ит мотоциклшіні тастап кеткен нәрестеге алып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
24 желтоқсанда 36 жастағы мотоциклші Джунрелл Фуентес Ревильидің (Junrell Fuentes Revilla) назарын үрген қара ит аударған. Ер адам тоқтап, қаңғыбас жануардың соңынан ерген.
Ит ер адамды қаладағы қоқыс үйіндісінің жанындағы бос жерге әкелген. Сол жерде шөптің үстінде сәби жылап жатқан. Нәресте сүлгімен оралған.
Филиппин азаматы баланы көтеріп, жақын ауруханаға жеткізді. Полицияға хабар берілді. Полицейлер тастанды ананың жеке басын анықтайды. Қазіргі уақытта бала әлеуметтік қызметкерлердің қамқорлығында.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн