"Қаңғыбас болса, өкпелемеңіздер": Әнші Нұрлан Еспанов Кореяда қазақ баласының тұсауын кесті
Танымал әнші Нұрлан Еспанов Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында қазақ баласының тұсауын кесті. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Аллахтың қалауымен. Күтпеген жерден тойға кіріп, Сеулде тұсау кестім. Қадамы сәтті болсын. Кәсіппен айналысып жүрген бауырларым аман болсын. Бақыт деген сәт екенін ұмытпайық достар. Қандастарымыз аман болсын. Ораза қабыл болсын”, – деп жазды өнер иесі.
Нұрлан Еспанов осылайша шетелде жүрген қандастардың қуанышына ортақтасты.
“Ханымдар мен мырзалар, Кореяға келіп, тұсау кесеміз деп кім ойлаған? Қадамы сәтті, өмірі тәтті болсын. Мәнді әрі сәнді болсын. Мен әзілге жақын адаммын ғой. Қаңғыбас, үйде тұрмайтын бала болса, маған өкпелемеңіздер. Бірақ мен сияқты ішпейтін, шекпейтін, көзі ашық, көкірегі ояу болсын”, – деді тілекші екенін білдіріп.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”