Канело мен Головкиннің үшінші жекпе-жегінің уақыты жарияланды
Орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жектерінің уақыты белгілі болды.
Жекпе-жек дәстүрлі түрде Канелоның сүйікті даталарының бірі - Синко-де-Майо мерекесіне сәйкес келеді.
GGG-дің промоутері Эдди Хирн DAZN-мен сұхбатында айтқандай, боксшы IBF титулын міндетті түрде поляк Камил Шереметамен жекпе-жекте қорғауға келісімшартқа отырған. Бұл шара қараша айында болады деп күтілуде.
Осыдан кейін Геннадий келесі жылдың мамыр айында мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Жекпе-жек дәстүрлі түрде Канелоның сүйікті даталарының бірі - Синко-де-Майо мерекесіне (5 мамырда атап өтілетін) сәйкес келеді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін күн хабарланды. Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) польшалық міндетті қарсылас Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жекпе-жек өткізеді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн