Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанды кек: Қостанайда дәрігер әйел өш алу үшін әріптесін өлтіруге киллер жалдаған

Сотта психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаеваның өліміне қатысты бірнеше жайттар анықталды: істің дерегіне сүйенсек, кісі өлтіруді ұйымдастырған әйел орындаушыға қомақты қаражат төлеуге уәде берген.

рашида

Сурет Baq.kz  сайтынан алынды.

Қостанайда бас дәрігерді өлтірді деген күдікпен оның әріптесі қамауға алынды Қостанай облыстық соты берген мәлімет бойынша, 2017 жылы жәбірленуші – амбулаториялық сот-психиатриялық сараптаманың төрайымы Сандыбаева мен күдікті – Қостанай облыстық психиатриялық ауруханасының бөлім меңгерушісі, 1972 жылы туған И. арасында қызметке байланысты кикілжің туындаған.

Сол кезде күдікті кісі өлтіруге бел буыпты. Әйел адам бұрынғы пациентін Сандыбаеваны өлтіруге көндіріп, 20 мың доллар төлеуге уәде берген. Ол өз кезегінде тағы екі адамды жалдап, 20 ақпан күні Сандыбаеваны өлтірткізеді. Қостанай қаласы №2 соты бұлтартпау шарасы ретінде күдіктіні екі айға қамауға алуға шешім қабылдады. Қаулы заңды күшіне әлі енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақ режиссері мұсылман-гейлер туралы фильмін ел назарына ұсынды

Жас жігіт қытайларға күйеуге тиген қазақ қыздарына ән арнады (видео)

Биімен желіні “жарған” қостанайлық анасы мен қызын “Пусть говорят” іздеп жатыр (видео)

Талқылау