"Қанды теңіз": Экологтер Каспий теңізінің не себепті қызыл түске айналғанын айтты
Каспий теңізінің жағалауы қанды қызыл түске айналды. Ақтаулықтар бірі бұған таңғалса, ал енді бірі қорыққандарын жасырмады..
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қан қызыл дақтар бірнеше жүз метрге жайылды. Ақ қарда қызыл түс тіпті анық көрінеді. Алайда экологтер бұдан қорықпау керектігін айтады, бұл жыл сайын жиі кездесетін табиғи құбылыс. Оған түрлі-түсті балдырлар себеп.
"Бізде Каспийде балдырлардың 25-тен астам түрі бар. Көбінесе лоренс, полифифония. Олар қоңыр, қою қоңыр, қоңыр-қызыл түс береді. Бізде қар жауа бастады, сондықтан құбылыс анағұрлым айқын көрінді. Бұл балдырлар негізінен таяз суда кездеседі. Олар ұрған жерлер қызыл түске боялған. ГОл гүлдеп жатқан секілді көрінеді", - деді Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Раушан Төлепова.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн