AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қанды қолмен тоқтатуға тура келді": Қызылордалық мейірбике қаңтардағы оқиғалар кезінде жарақат алған сарбазды гардеробқа жасырып, емдеп шыққан

Қызылордалық мейірбике Айгүл Нұрмаханова  – қаңтардағы қақтығыстар кезінде кезінде кірпік қақпай қызмет еткен мамандардың бірі. Ақ халатты қарулы қақтығыс кезінде емхананың киім ілетін бөлмесінде жаралы сарбазды жасырып қалыпты. Өзі де сол күндері соққы алса да, үрейге берілмей сол жауынгерді емдеп шыққан. Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында Айгүл Нұрмаханова тек өзінің дәрігерлік борышын өтегенін және бұл әрекетін ерлік деп есептемейтінін айтады. 

Қаңтар оқиғалары кезінде 5547 әскери бөлімінің мейірбикесі Айгүл Нұрмаханова отызға жуық қатардағы жауынгерлер мен офицерлерге ем-дом жасап, міндетін абыроймен атқарғанын тілге тиек етті. 

"5 қаңтар күні Қызылорда қаласындағы орталық алаңда халық жинала бастады. Шерудің соңы жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Сарбаздар мен офицерлер кейін шегінуге мәжбүр болды, олардың арасында ауыр жарақат алғандар да бар еді. Мен мүмкіндігінше медициналық көмек көрсеттім. Ауыр науқастарды қалалық ауруханаға тасымалдадым", – деп есіне алады мейірбике. 

Айгүл Нұрмаханова қалалық ауруханада әріптестерімен бірге жаралы азаматтарға көмек көрсетуге кірісіп кеткен. Сол уақытта жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар емдеу мекемесіне шабуыл жасаған. Әскери мейірбике қатардағы сарбазды өзімен жетектеп, ғимараттың киім ілетін бөлмесіне алып қашуға мәжбүр болған. Жас жігіттің басы мен қасы жарылған екен. Сорғалап аққан қанды Айгүл Нұрмаханова қолымен тоқтатқан. 

"Үстімізде әскери форма болатын. Содан болу керек, наразы топ бізге лап берді. Біз киім ілетін жерде жасырынуға мәжбүр болдық. Жауынгердің қаны тоқтамай жатты, әрең дегенде тоқтаттым. Киімімнің бәрі қан болды. Кешқұрым ғана қайтуға мүмкіндік болды. Формамызды теріс айналдырып киіп шықтық", – дейді Айгүл Нұрмаханова.

Ерлермен бірге иық тіресе жұмыс жасайтын Айгүл әскери сала нәзік жандылар үшін өте ауыр екенін мойындайды. Дегенмен сындарлы сәтте дұрыс шешім қабылдап, шұғыл әрекет жасау негізгі міндеті екенін айтады. Арпалыстың ішінде науқастарға көмек көрсетіп жүрген кезде әскери мейірбикенің өзі де соққы алған екен. Алайда ол бір сәт те кейін шегінбеген. 

"Қақтығыс кезінде талай сарбаздар азаматтық міндеттерін атқарды. Мен өзім де анамын, жауынгерлердің де анасы бар. Олар балалары үшін жандарын шүберекке түйіп отырғаны айтпаса да түсініксіз. Сол себепті мен жұмысымды ешқандай кедергіге қарамастан мінсіз атқаруға міндеттімін. Бұл әрекетімді ерлік деп бағаламаймын. Менің күйеуім де осы саланың маманы. Төрт күн бойы балаларымызды үйде қалдырып, өзіміз әскери бөлімде қайтпай жұмыс жасадық", – дейді қызылордалық маман. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр