Қандай жағдайда адам ағзасын шетелге шығаруға болады: Біртанов айтып берді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қандай жағдайда қайтыс болған адам ағзасы елден шетелге әкетуге рұқсат етілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Заң аясында мәселенің мән-жайын түсіндірген министр тек ел азаматтарына қажет болған жағдайда ғана ағзаны тасымалдау жүзеге асырылатынын кесіп айтты. 

"Кодекс жобасына сәйкес, Қазақстан Республикасының қайтыс болған азаматтарынан алынған органдар мен тіндерді шетелге шығару тек Қазақстан Республикасының азаматына медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда жүзеге асырылады", - деді Елжан Біртанов Сенаттың жалпы отырысында.

Қайтыс болған адамнан ағзаларды алып тастауға келісім беруге кім құқылы екенін де айтып өтті министр. Оның сөзінше егер көз жұмған адамның өз келісімі болмаса ондай құқық оның жұбайына немесе жақын туысына беріледі.

"Сыйға беруге келісімді тіркеу немесе қайтарып алу - медициналық ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызмет. Кодекс жобасында адамның өмірлік еркі болмаған кезде келіспеушілік немесе оның органдарын алып тастауға келісім беру құқығы жұбайына, жұбайы болмаған жағдайда жақын туыстарының біреуіне беріледі", - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр