Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қандай ыдысты микротолқынды пеште қолдануға болады

Жаңа микротолқынды пеш үстеліңізде, ал сіз қосып көріп, түрлі аспаздық ерлікке ерік бермексіз. Тоқтаңыз! Микротолқынды пеште қандай ыдысты қолдануға болады?

FOTO-1---Posuda-dlya-svch-pechi-----kak-pravilno-vyibrat--

Ең жеңілі – дүкенге барып, микротолқынды пешке арналған арнайы ыдыстар сатып алу. Бірақ басқа да жолы бар. Асүйіңізде микротолқынды пеште қолдануға болатын ыдыстың түр-түрі табылып қалар. Тек қайсысын таңдау керегін білсеңіз болғаны.

Әдетте микротолқынды пештің бірнеше режимі бар: микротолқынды, қақтама, конвекция және тағы басқалары. Дәл қазір сөз тек микротолқындар жөнінде болмақ. Микротолқынды пешке арналған ыдыс мөлдір болуы тиіс. Оның құрамында металлдар кездеспеуі керек. Сонымен қатар электр тоғын өткізбеуі, қызуға төзімді болуы шарт.

Металл. Ыдыс тоқ өткізеді және микротолқындарды өткізбейді. Алюминий ыдыста жартылай дайын өнімдер қызып кетуі мүмкін. Қапшықты барынша ашып қою керек. Десе де процесті жылдамдату үшін, жартылай дайын өнімді кәдімгі тәрелкеге салып жылытыңыз.

Хрусталь. Хрутсаль құрамында металдар (қорғасын, күміс) бар. Сондықтан ыдыс жылдам қызады. Сонымен қатар біртегіс қызымағандықтан, жарылып кетуі мүмкін.

Жеңіл шыны. Көбіне мұндай ыдыс жеңіл еритін материал меламиннен жасалады. Оның салмағынан-ақ жылдам ажырата аласыз.

Қыш. Қыш ыдыс микротолқынды пеште қаттты қызады. Сол себепті оны пештен алар кезде қолыңызға тұтқыш ұстауды ұмытпаңыз.

Фарфор. Қызуы үшін ыдыс ашық болуы тиіс. Оған қоса шеті тым биік болмағаны жөн.

Полиэтилен. Тағамдық үлдіпр мен полиэтилен пакеттерді микротолқынды пешке қояр алдында бірнеше жерінен тесіп қойыңыз.

Қағаз. Қатырма қораптар, пенопласт стақандар,  пергамент қағаз микротолқынды пеш үшін жарамды. Майлы тағамдар үшін жарамсыз болып табылады.

Пластик. Қақпағанды тиісті белгісі бар қызуға төзімді контейнерледі қолдануға болады. Фарфор, шыны, қышқа қарағанда, бірден тоңазытқыштан алған күйі микротолқынды пешке қоя аласыз. Микротолқынды пеште бір рет пайдалануға арналғын ыдыстарды қолдануға болмайды.

Мата. Нан мен түрлі тәтті пісірмелерді жылыту үшін зығыр мен мақтадан жасалған майлықтарды ғана қолданыңыз.

Шыны. Тағамды жылыту, еріту және микротолқынды режимде әзірлеу үшін жарайды. Басқа режимдер үшін ыстыққа төзімді ыдыс керек. Ал сұйықтықтарды жылыту үшін қырлы стақандар мен кәдімгі құтыларды пайдаланыңыз. Ыдыста сурет болмауы тиіс. Жұқа шыныдан жасалған ыдысты қолданбаңыз. Ол ыстық тамақпен жанасуға шыдамай, жарылып кетуі мүмкін.

Кез-келген ыдыстың микротолқынды пеште қолдануға жарамдылығын тексеріп көруге болады. Ол үшін кәдімгі қырлы стақанға (немесе шынысы қалың, суретсіз стақан) су құйып, тексергіңіз келген ыдыс ішіне, ал ыдысты микротолқынды пешке қойыңыз. Ең жоғары қуатқа қойып, 1минут ұстаңыз. Пешті ашқаныңызда стақандағы су ыстық, ыдыс қызымаған болуы тиіс. Егер қызып кетсе, демек микротолқынды пеште қолдануға жарамсыз.

Талқылау