Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман қандай үйлер жер сілкінісіне төтеп бере алатынын айтты

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Тимур Нұртаев қазақстандықтардың дүрліктірген жер сілкінісінен кейін баспана нарығында қандай өзгерістер болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро 31 бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда

Тимур Нұртаев “Алматыдағы үйлер жер сілкінісіне қаншалықты төзімді? Ескі үйлерді алған дұрыс па әлде жаңадан салынған тұрғын үйлер қауіпсіз бе?” деген сұраққа:

“Алматыда салынып жатқан барлық үйлер сейсмикалық есеппен 9-10 балға төтеп беруі қажет. Қазіргі жаңа үйлер 9 балға дейін төзімді болатындай жобаланып, салынатындықтан жер сілкінісіне төтеп бере алады деп сенімді түрде айта аламын”, – деп жауап берді.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде тұрғын үй кешінінің аймағында көлік кептелісі пайда болып, тұрғындардың қауіпсіз жерге қаша алмай жатқан видеосы тараған еді. Тимур Нұртаев тұрғын үйді жобалауда төтенше жағдай кезіндегі осындай факторлардың қаншалықты ескерілетіні жайлы айтты. 

“Тұрғындар құрылысшылар емес, Алматы қаласының әкімдігі салған жолмен эвакуацияланды. Менің ойымша, біріншіден, кез келген жағдайда еш қиындықсыз эвакуациялауға ыңғайлы кең жолдар салу қажет. Екіншіден, жер сілкінісінің салдарынан ғимараттар қираған жағдайда арнайы техникалардың адамдарды құтқару үшін оқиға орнына дереу жетуіне жағдай жасау керек. Қазіргі жолдармен үлкен техникалар жүріп өте алмайды. Мысалы, Ташкент қаласын алатын болсақ, жер сілкінісінен кейін қаладағы жолдар кеңйтілді. Ал бізде Алматы қаласының қауіпті аймақта орналасқаны әлі де ескерілмей жатыр”, – дейді Тимур Нұртаев.

Сарапшы әр ғимаратта жерасты тұрақтың болуын қос қолдап қолдайды.

“Стандартқа сәйкес, кез келген ғимараттың 10 пайызы жер астында болуы тиіс. Тұрақ жер астында орналасқандықтан, ғимарат жер сілкінісі кезінде теңселмейді. Яғни 1-2 қабат жер астында орналасады. Сәйкесінше, ғимарат қирап немесе құлап қалмайды. Сол себепті жерасты тұрақтар қажет”, – дейді ол.

Тимур Нұртаев жер сілкінісінің еліміздегі жылжымайтын мүлік нарығына қаншалықты әсер ететінін айтты.

“Төтенше жағдайдың баспана нарығына ешқандай әсері болмайды. Айта кететін жағдай, адамдар жоғарғы қабаттағы үйлерді сатып аларда ойлануы мүмкін. Тіпті араға бір ай салып халық бұл туралы ұмытып та кетеді”, – дейді сарапшы.

Талқылау