Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қандай үйлер ипотекаға берілмейтіні белгілі болды

Банктер ипотекаға сатып алынатын жылжымайтын мүлікке қандай талаптар қоятыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

пәтер жалдау

Жеке үйлер мен учаскелерді ипотекаға алу үшін ол бірнеше талапқа сай болуы керек.

Бірінші талабы – үйдің салынғанына 50-55 жылдан аспауы тиіс. Егер үй кірпіштен салынса, оның салынғанына 50 жыл дан аспағаны жөн. Ал ағаш болса, онда 30-дан аспайды.

Уақытша контейнерлік ғимараттар, саман үйлер ипотекаға берілмейді. Бірақ кей банктер жеңіл болат конструкциялардан (LSTK), темірбетон қаңқасы болған кезде саманнан және балшықтан жасалған үйлерге ипотека береді.

Нысандарға қойылатын талаптар аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін. Мысалы Алматы мен Көкшетауда саман үйлер кепіл ретінде саналмайды, ал Шымкентте қарастырылады.

Нысанның салынған жылы мен материалы бастапқы жарнаның мөлшеріне тікелей әсер етеді. Құрылыс неғұрлым ескі және материалдың қызмет ету мерзімі төмен болса, соғұрлым көп жарна төленеді. Сонымен қатар саяжай ретінде рәсімделген үйлерге ипотека берілмейді.

Талқылау