Қазақстандықтарға қандай медициналық көмек тегін көрсетіледі?

Медициналық сақтандыру қоры қандай медициналық көмек қазақстандықтарға тегін көрсетілетінін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстандықтар медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін анализдерді ақысыз тапсыра алады

Мемлекет бұрынғыша халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі  (ТМККК) аясында базалық медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді:

  • Жедел және шұғыл медициналық көмек (қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу);
  • емханаларда қызмет көрсету: 

- әлеуметтік маңызы бар және созылмалы ауруға шалдыққан адамдарды терапевтің, оның ішінде бейінді мамандардың қабылдауы және кеңес беру,

- зертханалық қызметтер,

- диагностика,

- емдеу,

- вакцинация,

- скринингтер,

- 1 жасқа дейінгі балаларды патронаждау,

- жүктілікті жүргізу.



  • Диагностика және емдеу:

- әлеуметтік мәні бар аурулар (туберкулез, АИТВ, психиканың бұзылуы, қатерлі ісіктер),

- негізгі созылмалы аурулар (диабет, артериалық гипертензия, вирустық гепатит, ревматоидты артрит және т. б.),

- айналадағыларға қауіпті жіті жұқпалы аурулар.

Сондай-ақ, белгілі бір ауру мен жағдайлар бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтар тегін дәрі-дәрмек ала алады.

Еске салайық, 1 шілдеге дейін Қазақстанда жеңілдік маусымы болған еді. Яғни ол бойынша қазақстандықтардың барлығы медициналық сақтандыру қорының жүйесінде тіркеулі болатын. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр