Қанат Мусин жоғарғы сот судьясы болып сайланды
Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Жоғарғы сот судьясы болып сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сенат отырысында ҚР жоғарғы сотының судьясын сайлау және қызметінен босату туралы мәселе қаралды.
Отырысқа қатысушылар Денис Шиптің басқа қызметке ауысуына байланысты оны жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы мәселені бірауыздан қолдады.
Сондай-ақ ҚР парламенті мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Сергейұлы Мусин Жоғарғы соттың судьясы болып бірауыздан сайланды.
Еске салайық, Денис Шипп президент жарлығымен ҚР жоғарғы сот кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалған болатын.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”