Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Ислам алғаш рет шаршы алаңға ұйымдастырушы ретінде шығады

Танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам алғаш рет боксшы емес, промоутер ретінде кәсіби бокс кешін ұйымдастырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Қ.Исламның инстапарақшасынан

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам Алматыда кәсіпқой бокстан халықаралық турнир өткізеді. “Жібек жолы” кәсіпқой бокс кеші атты турнирде еліміздің жас спортшыларымен қатар танымал былғары қолғап шеберлері де сынға түсетін. 1 наурыз күні “Балуан Шолақ” спорт кешенінде өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде ауыр салмақтағы Руслан Мырзатаев өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Қанат Ислам бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан кәсіпқой бокс кешін ұйымдастыруға қолдау көрсетуді сұрап, желіде видео жариялаған еді. 

Талқылау