Қанат Айтбаев: “Димашты бағаламаған едік” деп айтпаңыздар
Қанат Айтбаев желіде «Бұрын Димашты бағаламаған едік» дегендерге жауап берді.
Бұл туралы Астана арнасының «Сырласу» бағдарламасында айтылды.
Әлеуметтік желі қолданушылары қазақстандықтардың Димаштың талантын мойындамай келгендігі туралы жиі жазып жүр. Әсіресе, бұл сын әнші қауымына қарата айтылған-ды. Осы орайда, әншінің әкесі «Бұрын Димашты елемеп едік» дегендерге жауап берді.
«Қазір көптеген азамат «Бұрын елемеп едік», «мойындамаған едік» деген сынды сөздер айтады. Негізі ол дұрыс емес. Өйткені, Димаштың өзінің жақсы тыңдармандары болды. Халқымыз үлкен қолдау білдіріп, тілектес болып отырды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, 25 концерт береміз деген жоспарды қойған болатынбыз. Қазан, Уфа қалаларында жиырма бес концерт ұйымдастырылды. Сол шараларға халық келіп, өздерінің ықыластарын білдіріп жатты.
Көптеген журналиспен кездесіп, басылымдарға ол туралы ақпараттар шығып жатты. Әр сайыс сайын әншінің танымалдылығы арта түседі. Ол «Жас қанатқа» барған кезде өзінің тыңдармандарын тапты. Одан кейін «Шығыс базары» сайысына қатысқан кезде тыңдармандары арта түсті. Мұнымен қатар, Қырғызстанда, Түркияда өткен байқауларға да барып, көптеген жанкүйердің ықыласына бөленді. Сол секілді әрбір дода өткен сайын көбейе береді», – дейді Қанат Айтбаев.
Жіберіп алмаңыз:
Димаш Құдайбергеннің Францияда шырқаған әнінің видеосы шықты (видео,фото)
Асанәлі Әшімов туралы фильм ЭКСПО көрмесіне қойылмақ
Димашты Қазақстандағы Қытай елшілігі құрмет грамотасымен марапаттады