AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Әлжаппаров: Екінші рет домбыра ұстамаймын, айтыспаймын деп өзіме ант бердім

Қанат Әлжаппаров өнерге келгелі әзіл деңгейінің әртүрлі деңгейде дамып келе жатқанын айтады. Бір кездері КВН арқылы танылған ол дәл сол шақтағы әзілдері үшін ұялатынын жеткізді. Ал өнерде кей әзілі үшін бірнеше рет сын естіген кездері аз емес.

Бұл туралы әзілкеш “Түнгі хабар” бағдарламасында айтты.

Қанат Әлжаппаров айтыс-шоуда өнер көрсетемін деп бірнеше рет сын естігені жасырын емес. Айтыс өкілдері әзілкештің айтыс дәрежесін төмендетіп жібергенін айтып қынжылды. Енді бірі мұның шоу екенін айтып ақтады. 

“Мені әліппеден басқа ешнәрсе оқымаған Әлжаппаров деп талай сын айтқандар болды. Айтыстан, домбырадан жүрегім шайлығып қалыпты. Содан кейін енді айтысқа шықпаспын деп өзіме ант бергенмін. Ол кезде әнші-әзілкештерге айтыстың сөздерін ақындар жазып берді. Бірақ маған бергені тым ауыр еді. Мен оны айта алмас едім. Тіпті мүлде маған сай емес. Сондықтан әзілкештер өзіміз ыңғайлы жеңіл тілмен жаздық. Бірақ мен енді айтыспаймын”, – деді Әлжаппаров. 

Әзілкеш әр уақытта әзілдің деңгейі әртүрлі болғанын айтады. Әсіресе, өзінің жас шағы КВН кезін күліп еске алады. 

“КВН-де күлкілі емес әзілге ел күлетін. Қызылордада банкоматтың бәрі сары десең де күле беретін еді ғой. Қазір соны ойлаймын да ұяламын. Ел қыран-топан. Ол кезде әзілдер сондай еді. Сахнаның сыртында тұрып алып не айтамыз деп тұра беретін едік. Дайындық мүлде жоқ болды”, – дейді ол.

Қанат Әлжаппаров ораза жайлы ойын айтты. Бір кездері ораза жайлы пікірі үшін имамнан сөз естіген әзілкеш оразаға сақтықпен қарайды. 

“Мен ораза ұстаған жоқпын. Құдай қаласа, келесі жылы ұстаймын деп отырмын. Бірақ ауыз ашар беріп, сауап жинауға болады. Бәріңіздің ұстаған оразаңыз қабыл болсын”, – деді әзілкеш. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр