Каналдың бетін жабу туралы бірнеше рет айтылған: Алматы облысында 5 жасар бала суға батып кетті
Алматы облысы Іле ауданы Жәпек батыр ауылында 2018 жылы туған бала суға батып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы жағдай кеше, 3 тамызда 19:00 шамасында орын алған.
5 жасар бала досымен ойнап жүріп, абайсызда аяғы тайып кетіп, тереңдігі 3 метрлік Қосөзен каналына құлап кеткен. Оқиға орнына келген құтқарушылар оның денесін тек бір жарым сағаттан кейін, оқиға орнынан үш шақырым жерден тапқан.
"Іздестіруге 4 құтқарушы мен 2 арнайы техника, оның ішінде Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының жүзу құралы және РОСО-ның 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды" - деп хабарлайды Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті.
Жергілікті тұрғындар каналдың бетін жабу керектігі туралы әкімдікке бірнеше мәрте барып айтқанын жеткізді. Алайда жергілікті билік өкілдері ешқандай шара қолданбаған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”