Канаданың Қазақстандағы елшісі Шымбұлақта алған әсері туралы қазақша айтып берді - видео
Канаданың Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы елшісі Алан Хамсон Шымбұлаққа алғаш барған әсері туралы қазақша айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Хамсон бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған.
Ол алғашқы тәжірибесі туралы камераға қазақ тілінде айтып, әлеуметтік желіде үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазба қалдырған.
"Бұл жер өте әдемі. Бүгін қар жауып тұр. Өмірімнің 30 жылында алғаш рет шаңғыға міндім. Маған сәттілік тілеп қойыңыздар", – деп жазды дипломат.
Алан Хэмсон 2021 жылдың желтоқсан айының соңында Канаданың біздің елдегі және көршілес екі елдегі елшісі болып тағайындалды.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді