Канададағы орман өртінен шыққан түтін атмосфера қабатын ластауда
Канадада үлкен көлемде орман өртті орын алуда. Бүгінгі таңда 900-ден астам белсенді өрт ошақтар болса, олардың 600-ге жуығы бақылаудан шыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Соңғы апталарда атмосфераға 700 миллион тоннадан астам көміртегі еніп, бұл көрсеткіш өсуде. Мамандар биылғы дала өртінің ауқымы бұрын-соңды болмаған деп дабыл қағуда. Өрт қазірдің өзінде 10 миллион гектар аумақты шарпыған.
Мамыр және маусым айларында орман өрттері Квебек, Британдық Колумбия және елдің басқа да аймақтарын шарпыған болатын. Маусым айының басында түтін АҚШ астанасы Вашингтонға, сонымен қатар Нью-Йоркке жетті. Жергілікті тұрғындарға мамандар көшеде жүру уақытын шектеуге шақырды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн