Канадада полицей киімін киген азамат 16 адамды атып өлтірді
Канаданың Жаңа Шотландия провинциясында полицей киімін киген ер азамат адамдарға оқ жаудырып, салдарынан 16 адам қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "РИА Новости" порталына сілтеме жасап.
Портапик қаласындағы адамдарға қатыгездікпен оқ атқан азаматтың 51 жастағы Габриэл Уортман екені белгілі болған.
Алғашында қылмыскердің қолынан он үш адам мерт болғаны айтылыпты. Кейіннен қаза тапқандардың саны 16-ға дейін өскен. Олардың арасында канадалық атты полицей қызметкері де бар көрінеді.
Қазіргі қанды оқиғаға кінәлі ер азаматты полицейлер атып тастаған көрінеді. Жергілікті полиция бұл жағдайды терроризм әрекеті деп қарастыруда екен.
Уортманның полицейлердің формасына ұқсас киім кигені анықталыпты. Алайда оның құқық қорғау қызметіне еш қатысы жоқ екені айтылған. Ер адамның бұл ісіне не түрткі болғаны беймәлім.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”