Канадада қаза тапқан отандасымыздың денесін елге жеткізу созылып кетуі мүмкін
Өйткені тиісті тергеулер мен сараптама аяқталмайынша ондағы елшілік Метхат Әбеновтың мәйітін ала алмай отыр,-деп жазды КТК арнасы.
Ванкуверде оқып, кейін осында қызмет істеп жүрген 27 жастағы қазақ жігіті бірнеше күн бұрын іс-түссіз жоғалып, кейін өлі денесі таудан табылған еді.
Ал, ұлдарынан айырылып, қара жамылған отбасы мәйітті алдырту үшін жұрттан көмек сұрады.
Суыт хабар Канададан таңда жетті. Ванкувердің маңындағы тауларды тамашалауға барған 27 жастағы Метхат Әбенов осында 4 күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен еді.
Отандасымызды бірнеше тәулік тікұшақпен іздеген сондағы құтқарушылар, өлі денесін енді тауып отыр.
Сөйтсе, Метхат досымен бірге Канаданың көрікті тауы саналатын Рейнбоу биіктігіне шыққан екен. Бірақ, жарты жолда қасындағы серігі қалып қойып, өзі жоғарыға өрмелей берген.
Бір сәтте аяғы тайып кетіп, жүздеген метр биіктен құлап өліпті. Бұл алпинизмді ерекше ермегі санайтын марқұмның тауда түсірген соңғы суреті.
«Көмек көрсетіледі. Расында бұл оқыс жағдай. Бірақ медициналық сараптама құлап өмірден озғанын растады»,-дейді ҚР СІМ баспасөз қызметкері Ержан Мұстафина.
Метхат Әбенов 9 жылдан бері осы Канада тұрған. Яғни, 2008 жылы Алматыда мектепті «Алтын белгіге» бітірген түлек, Ванкувердегі атақты университеттің грантын ұтып алған.
Соны үздік тәмәмдап осындағы, энергетикалық компаниялардың бірінде жобалаушы менеджер болып істеген ол, отанына қайтуды жоспарлап жүріпті.
«Орны толмас қайғыға душар болдым. Алла ешкімнің басына бермесін. Балалары бұлайша әке-шешесінен бұрын о дүниеге неге аттанады? Небары 27 жаста еді. Сүйікті ұлым, сенің жоқ екеніңе сенбеймін»,-дейді марқұмның анасы Сәуле Әбенова.
Қазір Канададағы дипломаттарымыз осы шаруамен айналысып жатыр. Бірақ, марқұмның денесін елге жеткізу ісі созылып кетуі де мүмкін. Өйткені, тиісті тергеу мен сараптамалар аяқталуы тиіс.
Ал, қайырымды жандар Метхаттың денесін Қазақстанға жеткізуге қажетті қаржыны жинап жатыр. Ол үшін тіпті арнайы сайт ашып қойыпты. Онда жиналған сома қазір 4 миллион теңгеге жеткен.
Ал, Метхаттың ата- анасын ұлдарының денесін туған жері Алматыға жеткізіп арулап жерлеуді ойлап отыр. Қазір әпкесі мен анасы дереу виза жасатып, Канадаға ұшқалы жатыр.
Оқи отырыңыз:
Тұрмысқа шыққан Ақбота Керімбекова тегін өзгертті
Ақбота Керімбекова экс күйеулерін ұлдарымен өзі мәжбүрлеп араластыратынын айтты
Алуа Қонарова өзін итке теңеп жұртты күлдірді (фото)
Дастан Оразбековтың келіншегі көптен күткен екінші сәбиін босануға дайындалып жүр