Канада премьер-министрі Меркелге түрлі-түсті шұлығын көрсетіп мақтанды
Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Брюсселдегі НАТО саммитінде түрлі-түсті шұлықтарын көрсетіп мақтанып қалды.
Ерекше суретті Германия канцлері Ангела Меркель тіпті өзінің Инстаграмдағы парақшасында жариялаған.
“Керемет шұлықтар, Джастин Трюдо! Канада премьер-министрі өзінің жаңа сатып алған нәрсесін ерекше мақтанышпен көрсетті”, – деп жазды ол.
Сондай-ақ, Трюдоның өзі де ерекше шұлықтарын әлеуметтік желілерде аямай жарнамалаған. Мәселен, Ұлыбритания премьері Тереза Мэймен кездесуде көк түсті шұлық киіп келген.
Ал Францияның жаңа президенті Эммануэль Макронмен кездесуде жолақ-жолақ шұлықтар киіпті.
Талқылау