Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қан қатерлі ісігін емдейміз деп гепатит жұқтырды: Қапшағайлық Алтайдың отбасы баласының еміне көмек сұрайды

Қанның қатерлі ісігіне шалдыққан қапшағайлық 12 жастағы Алтай Сатыбалды есімді баланың ата-анасы ұлдарының еміне көмек сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алтай Сатыбалды үш баланың кенжесі. Алтайға қан қатерлі ісігі диагнозы жеті жасында қойылған. Ол үш жылға жуық уақыт бойы Қазақстанда ем алыпты. Оған ең алғаш рет 2020 жылы Ыстамбұл қаласындағы клиникалардың бірінде сүйек кемігінің трансплантация жасалды. Он айдан кейін Алтайдың денсаулығы тағы да сыр береді. Оған қоса, қан ауыстыру кезінде С гепатитін жұқтырыпты. Бір аурумен күресемін деп, екінші дертке шалдыққан Алтайға көмек қажет. 

"Бес жылдан бері ұлымыздың өмірі үшін күресіп келеміз. Қазіргі таңда Ыстамбұлдағы клиникалардың бірінде емделіп жатырмыз. Қазір жедел түрде сүйек кемігінің трансплантациясы отасын жасатуымыз керек. Оған қоса, ағзасы қалпына келу үшін ем де алу керек болып тұр", - дейді Алтайдың анасы Шәрбану Орынбаева. 

Қазіргі таңда Алтай Сатыбалдының еміне 100 мың АҚШ долларынан артық қаражат қажет. Оның отбасы халықтан көмек сұрайды. 

Реквизит: 

Каспий банк:

Карта номеры: 4400 4301 5303 2278
Телефон номеры: 87757081839
ИИН:710101414142
Орынбаева Шарбану Есембаевна (анасы)

Халык банк:

Карта номеры: 4405 6398 1952 9098
ORYNBAEVA SHARBANU (анасы) 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 13 Мамыр, 2021 11:37
Талқылау