Қамшыбек Қоңқабаев "Елорда кубогіндегі" алғашқы жекпе-жегін нокаутпен ұтты
Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогінің" алғашқы айналымында нокаутпен жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: IBA
Қамшыбек Қоңқабаев Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогінде" алғашқы жекпе-жегін өткізіп, уақытынан бұрын жеңіске жетті. Аса ауыр салмақта сынға түсетін отандасымыз қырғыз боксшысы Бектұр Алимбекулумен жұдырықтасып, екінші раундта бүйірінен ауыр соққысын дарытып, нокаутпен жеңіске жетті. Енді Қамшыбек екінші айналымда ирандық былғары қолғап шебері Сафари Роузбехқа қарсы жекпе-жекке шығады. Сонымен қатар Ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов те алғашқы кездесуінде қырғыз боксшысынан басым түсті.
Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионы Махмұд Сабырханның 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, ирандық Даниял Шахбахшты ұтқанын жазған едік.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”