Кәмшат Жолдыбаева желі оқырмандарын қырқыстырып қойды (фото)
КешYOU тобында ән сала бастаған күннен бастап Кәмшат Жолдыбаеваның жұлдызы жанды. Оның есімі көпшілікке танымал болды. Жеке әнші ретінде шыққаннан кейін де ол қол қусырып қарап отпады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әндер жаздырды, бейнебаяндар түсірді. Сондай-ақ, көрерменнің көңілінен шыққан бірнеше телехикаяда басты рөлді сомдады.
Бүгінде Кәмшат Жолдыбаева Қазақстандағы ең танымал жұлдыздар қатарына кіреді. Алайда желіде оның образын, киген киімін ұнатпай, сынға алушылар көп.
Жуырда актриса әрі әнші парақшасына жаңа фототүсірілімін жариялады. Оның кейбір суреттері үшін желі оқырмандары өзара қырқысып қалды.
“Қазақ қызының осылай киінгені ұят, әсіресе Кәмшаттай жас әншілер”, “Өкінішті, ашық-шашық жүрген салт-дәстүрі сүттей ұйыған қазақ қызына ұят”, “Сондай қатты жақсы көруші едім бұрын. Қазір суынып барамын. Неге әдемі ажарыңды жалаңаштап көрсету керек?” “Имандылық деген нәрсені ұмытқан екенсің”, “Осылардың фотоларын жақындары көре ме екен”, – дейді ашуға мінген оқырмандар. Ал оларға ұрыса жөнелгендер: “Қай жері ашық-шашық, әп-әдемі”, “Не керегі бар, алдымен соның деңгейіне жетіп ал”, “Жас кезде бәрін киіп қалу керек”, “Ұятты жердің бәрі жабық тұр”, – дейді.
Жіберіп алмаңыз:
Меруерт Түсіпбаева: Жадоның әкесін өлтіріппін бе?
Анатолий Цой: Қазақстанда әншілер тойға шығу үшін танымалдылыққа ұмтылады
Әділ Лиян Айсәуле Бақытбекті орнына қойды
Баян Есентаева жаңа сүйіктісінің қандай тағам ұнататынын айтты (фото)