AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәмшат Жолдыбаева желі қолданушыларын биімен тәнті етті

Қазақстандық актриса әрі әнші Кәмшат Жолдыбаева Қазнетті биімен тәнті етті. Әлеуметтік желі қолданушылары "KeshYOU" тобының экс-солисінің тамаша формада екенін атап өтті.

Алайда кейбіреулер Кәмшаттың тұрмыс құруға неге асықпайтынын айтып, мін тақты. Кәмшат Жолдыбаеваның биін Instagram желісіндегі оқырмандары талқыға салды. Олар жарияланған видеоның астына көптеген пікірлер қалдырған. Көпшілік оның тамаша сымбатына тәнті болды.

"Не деген от!",  "Тамаша", "Әйел энергиясының вагоны", "Нағыз талант", "Жарайсың, жаңа ән шығып жатыр ғой, иә?", "Қандай сымбаттысыз!", "Керемет", "Ән шықпаса да хит, оның өзі хит", - деп атап өтті олар.

Алайда кейбіреулер 34 жастағы Кәмшаттың тұрмысқа шығуға неге асықпайды екен деп таңғалды.

"Неге жалғыз, бәрі бар сияқты, бірақ күйеуі де, баласы да жоқ", "Түсінбедім, сымбатты, сұлу, бірақ неге жалғыз?” – деп жазды желідегілер.

Олардың сауалына Кәмшаттың адал жанкүйерлері жауап берді.

"Мұндай қыздар ешкімге тұрмысқа шықпайды, лайықтысын таңдайды. Уақыты келгенде кетеді", "Сізде кеңестік сана бар. Қазір қыздар басқа басымдықтарды таңдайды. Ал күйеуге шығып, босануға деген құштарлық жоқ. Барлығы ерікті", - деп қорытындылады олар.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр